Submitted by Editor on
Жолашканова Орынбасар Құдабайқызы 1996 жылы 13 тамызда Солтүстік Қазақстан Облысы, Есіл ауданы, Бірлік ауылында дүниеге келген.
2002-2006 жылдары СҚО, Есіл ауданының Гурьян орта мектебінде оқыды, 2006-2009 жылдары Петровка орта мектебінде оқыды, ал 2013 жылы Петропавл қаласында «Ю. А. Гагарин атындағы № 14 орта мектепті» сәтті аяқтады.
2013 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне түсіп, 2017 жылы «Информатика» мамандығы бойынша үздік бітірді, бағыты — бағдарламалау.
2019 жылы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.
2021 жылы «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ-да жоғары оқу орнынан кейінгі білім алды. СҚУ аттестаттау комиссиясының шешімімен «Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді.
2017 жылдың тамызынан 2021 жылдың тамызына дейін М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да жұмыс істеді, лауазымы-бағдарламашы.
2021 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін «Гуманитарлық-техникалық колледж» МЕББМ-да жұмыс істейді, лауазымы: арнайы пәндер оқытушысы.
2023 жылдың қыркүйегінен бастап лингвистикалық пәндердің циклдік әдістемелік комиссияларының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Санат: педагог-модератор.
Жетістіктер мен марапаттар:
— 2014 ж. — 40 сағат көлемінде ағылшын тілі курстарының сертификаты.
— 2016 ж. — «Информатика, математика және экономика теориясы мен әдістемесінің өзекті мәселелері» студенттік форумына қатысушының сертификаты.
— 2017 ж. — «Академиялық және басқарушылық тәуелсіздікті кеңейту контекстіндегі жұмыс істеп тұрған жоғары оқу орнының академиялық саясаты» республикалық семинар жиналысына қатысушының сертификаты.
— 2019 ж. — М. Қозыбаева атындағы СҚМУ профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында «Сергектік және денсаулық» спартакиадасының 3-ші орын үшін диплом.
— 2020 ж. — «Пандемия жағдайында жаратылыстану пәндерін оқытудағы қашықтықтан білім беру технологиялары» тақырыбында баяндамасы бар семинарға қатысушының сертификаты.
— 2020 ж. — 72 сағат көлемінде «JavaScript-ке кіріспе» курсын оқыту сертификаты.
— 2020 ж. — 72 сағат көлемінде «Каскадты стиль кестелерін (CSS) қолдану» курсын оқыту сертификаты.
— 2020 ж. — 72 сағат көлемінде «HTML-ге кіріспе» курсын оқыту сертификаты.
— 2021 ж. — «Ян Коменский: педагогикалық мұра» педагогикалық колледжішілік конференциясында баяндама тақырыбы: Ян Коменскийдің «Дидактикасы» — оқытудың жалпы теориясы. Ян Амос Коменскийдің дидактикалық принциптері.
— 2021 ж. — А. Байтұрсынов пен М. Әуезовтің мерейтойлық күндеріне арналған қалалық көрмеде сөз сөйлеу.
— 2022 ж. — «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің цифрлық трансформациясы» біліктілікті арттыру курстары 36 ак. сағ.
— 2022 ж. — «Kahoot онлайн сервисін қолдану арқылы студенттердің оқу қызметін өзектендіру» колледжішілік әдіскеңесінде сөз сөйлеу.
— 2022 ж. —"Педагогтың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі" республикалық онлайн семинары 2 ак. сағ.
— 2022 ж. — «Педагогика: дәстүрлер мен инновациялар» республикалық қашықтық олимпиадасы (ауданда 3 орын).
— 2022 ж. — Мұғалімдерге арналған информатикадан республикалық қашықтықтан олимпиада (облыста 2 орын, ауданда 1 орын).
— 2022 ж. — Байкен Әшімовтің 105 жылдығына арналған «Кәсіптік білім берудегі оқытудың педагогикалық әдістері мен технологиялары» атты VIII Халықаралық сырттай ғылыми-практикалық конференция.
— 2022 ж. — Республикалық онлайн семинар «Педагогтің кәсіпқойлығы: креативтілік, білім, шеберлік».
— 2023 ж. — «Адам экологиясының заманауи мәселелері және оларды шешу жолдары» халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференциясының «Заманауи ақпараттық технологиялардың адамдардың физикалық және психологиялық денсаулығына әсері» бағытындағы сарапшысы.
— 2023 ж. — «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша СҚО студенттері арасында Wordskills Kazakhstan өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатына қатысушыны дайындағаны үшін СҚО әкімдігінің білім басқармасына алғыс хат.
— 2023 г. — Алғыс хат «СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ «Қоғамдық келісім».
— 2023 ж. — СҚО әкімдігі білім басқармасының «Мамандық таңдау — жол таңдау» облыстық кәсіби бағыттағы конкурсын ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғыс хат.
2023 г. — Құрмет грамотасы — Облыстың білім беру жүйесін дамытуға зор жеке үлесін қосқаны үшін, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ.
Студенттердің жетістіктері:
— 2022 ж. — Информатика пәнінен «Білім шыңы» облыстық студенттік олимпиадасы.
— 2022 ж. — Қашықтықтан мотиваторлар байқауының облыстық кезеңі «Мен дурыс жолды таңдаймын!» (2 және 3 орын).
— 2023 ж. — «Адам экологиясының заманауи мәселелері және оларды шешу жолдары» халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференциясы «Заманауи ақпараттық технологиялардың адамдардың физикалық және психологиялық денсаулығына әсері» (1 орын).
— 2023 ж. — Ақпараттық пәндер бойынша «Сәттілік трамплині» халықаралық студенттік онлайн олимпиадасы (3 орын).
— 2023 ж. — «Жас зерттеуші» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауы (2 орын).
— 2023 ж. — Қашықтықтан мотиваторлар байқауының облыстық кезеңі «Мен дурыс жолды таңдаймын!» (3 орын).
— 2023 ж. — «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша СҚО студенттері арасында Wordskills Kazakhstan өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты.
— 2023 ж. — СҚО колледж студенттері арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша пәндік олимпиада (2 орын).
2023 г. — Диплом 1 дәрежелі «Білімді мыңды жығады» атты жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларымен колледж студенттері аралығындағы Республикалық олимпиаданың жеңімпазы.
Ғылыми мақалалар:
— 2016 ж. — Materials of the XII International scientific and practical conference, Ternds of modern science.
«Информатика сабақтарында оқушылардың шығармашылық бағытын қалыптастыру мәселесіне».
— 2020 ж. — Химия ғылымдарының докторы, профессор В. В. Поляковтың 75 жылдығына арналған «Жаратылыстану және ауыл шаруашылығы ғылымдары саласындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция.
«Онлайн платформа негізінде олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу мәселесіне».
«М. Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ.
— 2022 ж. — Байкен Әшімовтің 105 жылдығына арналған VIII Халықаралық сырттай ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы.
«Цифрлық педагогика кәсіптік білім берудің оқу процесінде оқыту сапасын арттыру тәсілі ретінде» (20 желтоқсан 2022 жыл).
«Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы „КММ“ Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі» КМҚК.