Submitted by Editor on
Солтүстік Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру студенттері арасында «WorldSkills Қазақстан — 2025» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты аяқталды.

«WorldSkills — 2025» байқауына қатысу қорытындысы бойынша гуманитарлық-техникалық колледждің командасы қойылған практикалық міндеттерді орындай білу мен кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.
«Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігінде Шалыгин Вадим құрметті 3 орынға ие болды (тәлімгерлер: Иманов Бақтияр Нұржанұлы,
Степаненко Евгений Борисович);
«Бухгалтерлік есеп» құзыретінде Юдин Игорь — 2 орын, Александрович София Medallion of Excellence сыйлығын алды (тәлімгер Велимухаметова Динара Ринатовна);
«Кірпіш қалау» құзыреттілігінде Котин Илья 2 орын алды (тәлімгерлер Каденюк Мария Александровна, Мацепура Андрей Андреевич);
«Веб-технологиялар» құзыретінде Шипилов Иван — 2 орын (тәлімгер Бодряков Алексей Юрьевич);
«Электроника» құзыреттілігінде 1 орын — Берлин Станислав, 2 орын — Комар Иван, 3 орын — Зелинский Артем (тәлімгер Воробьев Геннадий Михайлович).
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушылар мен тәлімгерлерге жоғары дайындық деңгейі мен кәсібилігі үшін алғыс айтамыз!