You are here

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

 

Нормативтік-құқықтық актілер

Ішкі нормативтік құжаттар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет

Колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шаралар өтті:

сыбайлас жемқорлық көріністерінің болуына сауалнама жүргізілді;

«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбындағы кураторлық сағат;

«Таза ар — ождан-таза жан», «сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау» тақырыптарындағы дөңгелек үстелдер;

Студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәсілдері, қазіргі заманғы проблемалар мен үрдістер туралы айтылды.

Гуманитарлық-техникалық колледждің көптеген студенттері азаматтық сана танытып, осы мәселеге қызығушылық танытып, Академиялық адалдық Лигасына кірді.

Іс-шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлық мәселелерін талқылады, барлық іс-шаралар мақсатқа жетті және жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.

Клуб «Саналы ұрпақ»

Клубтың мақсаты мен миссиясы. Белсенділер тізімі.

Колледж қызметінің қаржылық көрсеткіштері

Гуманитарлық-техникалық колледждің оқытушылар құрамының жалақысы бойынша тарифтеу 2021 ж.

Гуманитарлық-техникалық колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері

  • заңдылық;
  • студенттердің, ата-аналардың, оқытушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
  • сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;
  • этикалық;
  • транспаренттілік;
  • азаматтық қызметшілер лауазымдық өкілеттіктерін орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдерімен байланысты емес;
  • азаматтық қызметшілер Қазақстан Республикасының заңнамасы (оның ішінде еңбек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, азаматтық қызмет туралы) шеңберінде әрекет етеді;
  • азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау кезінде бюрократия мен сөзбұйдаға жол бермеу қамтамасыз етіледі;
  • азаматтардың құқықтарын іске асырудың және заңды мүдделерін қамтамасыз етудің ең аз мерзімі қамтамасыз етіледі;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету қамтамасыз етіледі;
  • көрсетілетін қызметті алушыларға тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз тең қолжетімділік қамтамасыз етіледі;
  • қабылданатын шешімдердің заңдылығы үшін дербес жауапкершілік қамтамасыз етіледі;
  • өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықты және (немесе) Құқық қорғау органдарын дереу хабардар ету қамтамасыз етіледі;
  • азаматтардың келісімінсіз олардың жеке өмірі, жеке және отбасылық құпиясы туралы мәліметтерді жария ету мүмкіндігіне жол берілмейді;
  • лауазымдық өкілеттіктерін орындауға қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен нұсқаулар шығаруға жол берілмейді;
  • лауазымдық өкілеттіктерді және оларға негізделген беделді жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттер жасауға жол берілмейді;
  • кадрларды туыстық, жерлестік және жеке берілгендік белгілері бойынша іріктеу және орналастыру жағдайларына жол берілмейді;
  • әріптестер мен басшыларға өзара қарым-қатынастардың белгіленген тәртібін бұзатын, олардың әділ қызметтік шешім қабылдауына ықпал етуі мүмкін заңсыз өтініштермен жүгінуге жол берілмейді;
  • мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе алу мақсатында таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалануға жол берілмейді;
  • қоғамның азаматтық қызметке, мемлекетке және оның институттарына деген сенімін сақтау және нығайту қамтамасыз етіледі;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсенділік қамтамасыз етіледі;
  • жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің сақталуы қамтамасыз етіледі;
  • қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті сақтау қамтамасыз етіледі;
  • жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалардың сақталуы қамтамасыз етіледі;
Kazakh

Санат: 

БІЗДІҢ МАМАНДЫҚТАР ЖӘНЕ ЖІКТЕУ

стипендия төлеумен бюджеттік негізде (тегін)

  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері (Ақпараттық қауіпсіздік технигі)
  • Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану (Кең бейінді шебер құрылысшы)
  • Мемлекеттік тілдегі Есеп және аудит (Бухгалтер, Бухгалтер-кассир)
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникация (Техник-радиотехник, Телекоммуникациялық жабдықтар мен байланыс арналарын электрмонтажшы-реттеуші)
  • Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (Техник-механик, Автомобиль электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик)
  • Маркетинг (маркетолог)
  • Туризм (туристік агент)

Барлық мамандықтар