Көп жылдық, адал еңбегі үшін, облыстың білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің алғысын Гүлжан Қадіржанқызы Бисенова алды.
Гүлжан Қадіржанқызының барлық кәсіби педагогикалық қызметі колледждегі жұмысымен байланысты, ол арнайы құрылыс пәндерінің жетекші оқытушысы, бөлім меңгерушісі болып табылады.
Гүлжан Қадыржанқызының кәсіби қызметіне одан әрі табыстар тілейміз! Барлық істерге жеткілікті күш болсын, жұмыстың әр күні нәтижелі болсын, ал өмірдің әр сәті қуанышты және бақытты болсын!