Submitted by Editor on
Гуманитарлық-техникалық колледжінде өткен «Қазақстан халқы тілдерінің онкүндігі» еліміздің тілдік әралуандығы мен мәдени бірлігін паш ететін «Тіл — достық белгісі» мерекесімен аяқталды. Іс-шара Мемлекеттік туды көтеру және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындау салтанатымен басталды.

Мерекемен құттықтай отырып, колледж директоры Виктор Викторович Михейкин: «Қоғамымыздың тілдік және мәдени әралуандығы бұдан былай да Қазақстан Республикасының нығаюы мен өркендеуіне қызмет етіп, ортақ болашағымыз үшін бәрімізді біріктіре берсін», — деп тілек білдірді.
Дәстүрлі «Шашу» мен қазақтың күйлері би және вокалдық нөмірлерден тұратын «Музыкалық калейдоскоптың» бастауы болды.
Колледждің оқытушылар мен студенттер ұжымы ұлттық киімдер киіп, халық билері мен әндерін орындады, сондай-ақ қазақтың ұлттық ойындарына белсене қатысты. Оқытушылар мен студенттер Абай, А. Пушкин, У. Шекспир, Ф. Шиллер және басқа да ақындардың өлеңдерін оқып, қазақ тілінің мәнерлілігі мен бейнелілігін, орыс тілінің байлығын, неміс тілінің салмақтылығын, ағылшын тілінің сұлулығын және басқа да тілдердің ерекшелігін көрсетті. Әр түрлі тілдердегі мақал-мәтелдерді, салт-дәстүрлер мен қанатты сөздерді білуге арналған лингвистикалық викторина өтті.
Ұлттық тағамдар қойылған мерекелік дастарқан жайылды: келген қонақтарға ыстық палау, бауырсақ пен хош иісті шай ұсынылды. Іс-шараға қатысушылар мен қонақтар дәм татып, аспаздардың шеберлігіне жоғары баға берді.
«Тіл — достық белгісі» — Қазақстанның тілдік әралуандығы мемлекетіміздің тұрақтылығы мен келісімін нығайтатын баға жетпес мәдени байлық, бірегей қазына екенін көрсететін мереке.























