Submitted by Editor on
Гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері Мағжан Жұмабаев ауданының Полудино ауылындағы «Полудино орта мектебі» КММ базасында өткен «КәсіпНавигатор: мамандыққа жол» облыстық форумына қатысты. Облыстық форум аясында мектеп бітірушілерге сұранысқа ие мамандықтар әлемін бағдарлауға, табысты болашаққа сенімді қадам жасауға көмек көрсету мақсатында кәсіптік бағдар беру кездесулері мен кеңестері өтті.

Гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері іс-шараға қатысушыларды оқу орнының тарихымен таныстырып, колледж даярлайтын барлық мамандықтар бойынша презентациялар, шеберлік сыныптары, «кәсіби сынақтар» өткізді. Колледждің үгіт бригадасы мектеп оқушылары алдында қызықты бағдарламамен өнер көрсетті. Колледж оқытушылары түсу ережелері, оқу перспективалары және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат беріп, болашақ талапкерлердің барлық қызықтыратын сұрақтарына жауап берді.
«КәсіпНавигатор: мамандыққа жол» облыстық форумында мектеп бітірушілерге оқу орнымыз туралы түсінік қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесетін кездесу өтті.







