Submitted by Editor on
Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім берудің ең көне оқу орындарының бірі, Гуманитарлық-техникалық колледж өзінің 95 жылдық мерейтойын атап өтті. Колледж тарихы 1930 жылдың 20 қарашасында Ленинград қаласында механикалық-конструкторлық техникум болып ашылуынан басталды. 1942 жылы оқу орны Петропавл қаласына көшірілді, ал 1944 жылы ресми түрде «Солтүстік Қазақстан механикалық техникумы» деген атауға ие болды. Бай тарихы мен дамуға ұмтылысы бар Қазақстан оқу орны үшін шынайы Отанға айналды.

Кеңес дәуірінде дәл осы жерде техникум машина жасау және металл өңдеу мамандарын даярлаудың еліміздің негізгі алаңына айналды. 1998 жылы оқу орнының тарихында жаңа парақ ашылды — гуманитарлық бағыттағы мамандарды даярлау басталды, механикалық техникум «Гуманитарлық-техникалық колледж» атауын алды. Оқу орны ондаған жылдар бойы трансформациялар мен жаңашыл өзгерістерді бастан кешірді, сабақтастық пен ізгі дәстүрлерді сақтап қалды. Бүгінгі таңда Гуманитарлық-техникалық колледж — кәсіби дағдылар, жауапкершілік және азаматтық ұстаным қалыптасатын заманауи көпсалалы оқу орны.
95 жылдық мерейтойды атап өту барысында бірқатар салтанатты және шығармашылық іс-шаралар өтті: колледж тарихын, жетістіктерін және негізгі жұмыс бағыттарын таныстыру, педагогикалық еңбек ардагерлерін, әлеуметтік серіктестер мен үздік жұмыс берушілерді құрметтеу, мерекелік гала-концерт.
Мерекелік гала-концерт ұмытылмас салтанат, бірлік және қол жеткізген жетістіктер үшін мақтаныш сәтіне айналды. Мерейтоймен құттықтай отырып, Білім басқармасы басшысының орынбасары Амангелді Еслямбекұлы Әбдірахманов: «Колледждің құндылығы — оның дәстүрінде, тәжірибесінде, адамдарында. Онжылдықтар бойы Гуманитарлық-техникалық колледж он мыңдаған мамандар дайындады, олардың көпшілігі еліміздің экономикасында, техникалық және әлеуметтік салаларында өз орнын тапты», — деп атап өтті. Өңірдегі кәсіптік білімнің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Амангелді Еслямбекұлы Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының Құрмет грамоталарын колледж директоры Виктор Викторович Михейкинге, оқу жөніндегі директордың орынбасары Алмат Қазақбайұлы Мақышевке табыстады.
Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы атынан, жоғары кәсібилігі және білікті мамандар даярлауға қосқан ерекше үлесі үшін Алғыс хат алғандар: Алексеева Мария Отаровна, Бисенова Гүлжан Қадыржановна, Дубинец Ирина Анатольевна, Исқақова Айгүл Жанабиловна, Колесникова Ольга Ивановна, Полушина Кристина Николаевна, Шереметьева Галина Владимировна, Щербакова Светлана Леонидовна
Гуманитарлық-техникалық колледж директорының атынан, оқу орнының қалыптасуына және дамуына қосқан жеке үлесі үшін, колледждің 15 жылдан астам еңбек еткен барлық қызметкерлеріне Алғыс хат табыс етілді. Ұжымға арнаған сөзінде Виктор Викторович былай деп тілек білдірді: «Іске деген құштарлықтарыңыз бен жігерлеріңіз ешқашан сөнбесін, ал табыс барлық бастамаларыңызда сәттілік әкелсін. Сіздердің кәсіби тәжірибелеріңіз, білімдеріңіз бен шығармашылық әлеуеттеріңіз бұдан әрі де біздің Гуманитарлық-техникалық колледжіміздің өркендеуіне бағытталатынына сенімдімін».
Педагогикалық еңбек ардагерлері, оқытушылар, түлектер жылы естеліктерімен бөлісті. Педагогикалық еңбек ардагерлері атынан Жүкенова Майра Ғалымовна сөз сөйледі: «Мен колледждің 25 жыл қызмет еттім, қазақ тілінен сабақ бердім. Колледжде біз мемлекет игілігіне қызмет ететін сауатты мамандар дайындаймыз. 95 жылдық тарих — бұл ұжымның ұйымшылдығы мен оның дамуға деген тұрақты ұмтылысының нәтижесі».
Әлеуметтік серіктестер, жұмыс берушілер, түлектер, студенттер мен олардың ата-аналары оқу орнына жылы лебіздер мен ізгі тілектерін білдірді.
Концерттің мерекелік бағдарламасын студенттік ұжымдардың орындауындағы жаңа нөмірлер де, бұрыннан таныс әндер де безендірді: Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының солистері Динара мен Асхат Тауышовтар, «Мәңгілік» би ансамблі, «Құлагер» музыкалық ұжымының орындауындағы туындылар.
Өзінің 95 жылдық мерейтойында Гуманитарлық-техникалық колледж ұжымы болашаққа сеніммен қарайды. Колледж тарихы әрбір жаңа студенттер мен оқытушылар буынының жетістіктерімен жалғасуда. Гуманитарлық-техникалық колледж тарихы дәстүрлерді дамыту, инновацияларды енгізу және білікті кадрларды даярлау арқылы жалғасын табуда.





























