Submitted by Editor on
Алмат Казыкбаевич Макишев: Аталған іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің жетістіктерін дәріптеуге, өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеуге және ұлттық құндылықтар мен мұраттарды сіңіруге бағытталған.
Іс-шара гуманитарлық-техникалық колледж директорының орынбасары Р. К. Әбішевтің құттықтау сөзінен басталды. Бұл іс-шараның маңыздылығы мен ерекшелігі келесіде — бұл диктант біздің Республикамызда бір уақытта басталуы және диктант тақырыбы патриотизм туралы. Диктант жазу кезінде көптеген студенттер өз еліне деген мақтаныш сезімін, Отанға деген сүйіспеншілікті, мемлекеттік тілді құрметтеу сезімдерін бастан өткерді.
Мемлекеттік тіл өте маңызды, оны еліміздің барлық азаматтары білуі тиіс, сондықтан диктант білімді тексеруге емес, барлық қазақстандықтарды біріктіретін патриоттық іс-шара болып саналады.
Гуманитарлық-техникалық колледж әкімшілігі Республикалық жалпыұлттық патриоттық диктантты ұйымдастырғаны және өткізгені үшін лингвистикалық пәндер ЦӘК меңгерушісі А. К. Макишевке және қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы А. К. Базарбековаға алғысын білдіреді.