Submitted by Editor on
Искакова Айгуль Жанабиловна, ағылшын тілі оқытушысы, колледждегі жұмыс өтілі 30 жыл.

Отыз жылдан бері менің өмірім гуманитарлық-техникалық колледжмен тығыз байланысты. Бұл жақында болған сияқты, бірақ мен мұнда 1995 жылы келдім — жас, күш пен үмітке толы, сабақ беруге деген шынайы ниетпен.
Осы жылдар ішінде мен колледж жанындағы лицейде де, колледждің өзінде де жұмыс істедім. Бағдарламалар, студенттер буыны, заман талаптары өзгерді, бірақ бір нәрсе өзгеріссіз қалды — өз ісіме деген сүйіспеншілік және әрбір студентке деген жауапкершілік. Менің қолым мен жүрегімнен бір емес бірнеше ондаған түлек өтті. Кейбіреулер үшін колледж мамандыққа алғашқы қадам болса, енді біреулер үшін ересек өмірдің бастауы болды, мен осы жолдың бір бөлшегі болғаныма қуаныштымын.
Мен үшін студенттер мен олардың ата-аналарының алғыс сөздері әрқашан ерекше құндылыққа ие болды. Олардан менің еңбегім зая кетпегеніне, білім, қолдау және назардың шынымен маңызды және қажет екендігіне дәлел таптым. Міне, осындай сәттер маған одан әрі жұмыс істеуге күш пен шабыт береді.
Отыз жыл бір сәттей зымырап өтіпті. Артқа шалқайып қарасам, осы жылдардың ар жағында мыңдаған сабақ, жүздеген тағдыр, санаусыз естеліктер жатқанын түсінемін. Егер маған бұл жолды қайта таңдау ұсынылса, еш ойланбастан тағы да сол жолмен жүрер едім. Гуманитарлық-техникалық колледж мен үшін жай жұмыс орны ғана емес, ол менің өмірімнің бір бөлшегіне айналды.

