Submitted by Editor on
«Мен-кәсіпкермін» республикалық онлайн Гранд турнирі аяқталды. Үлкен турнир жас ұрпақтың кәсіпкерлік бастамасын қолдау және дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы колледждерінің студенттері үшін өткізілді.
Турнирге қатысу үшін колледждің 206 тобының студенті Бейсекеев Әбілтай «Қажетсіз киімдерді экономикалық кәдеге жарату және қайта өңдеу» тақырыбында бизнес жоба әзірледі. Жұмыс жетекшісі-экономикалық пәндердің жетекші оқытушысы Попова Ольга Эдисоновна.
Жария онлайн қорғау қорытындысы бойынша жоба екінші жүлделі орынға ие болды. Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің грамотасымен Бейсекеев Әбілтай, Попова Ольга Эдисонқызы марапатталды. Колледж директоры Михейкин Виктор Викторович алғыс хат алды.
Гуманитарлық-техникалық колледж ұжымы сізге одан әрі табыс, өз жұмысына деген құштарлық пен қызығушылық, сәттілік және тамаша кәсіби нәтижелер тілейді!