Submitted by Editor on
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылғы 29 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының Явленка ауылында жұмысшы мамандықтардың ауқымды фестивалі өтті. Іс-шараға өңірдің 20 техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының өкілдері қатысып, экономиканың түрлі салаларында сұранысқа ие жұмысшы кәсіптерінің тұсаукесері өтті.
Гуманитарлық-техникалық колледж «Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «Цифрлық техника» атты екі техникалық мамандықты ұсына отырып, фестивальдің белсенді қатысушысы болды. Оқытушылар мен студенттер білікті жұмысшы кадрларды даярлауда оқу орнының әлеуеті мен мүмкіндіктерін көрсете алды. Оқушылардың техникалық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды, онда студенттердің қолымен жиналған роботтар ерекше мақтанышқа айналды. Оқу орны ұсынған инновациялық әзірлемелер фестиваль қатысушыларының қызығушылығын тудырды.
Гуманитарлық-техникалық колледждің көрмесіне Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Торсанович Нұрмұхамбетов, сондай-ақ Сұрағанова Айнагүл Ағыбайқызы бастаған Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының ТжКБ бөлімінің өкілдері келді. Қонақтар «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» және «Цифрлық техника» мамандықтары бойынша жұмысшы кадрларды даярлау саласындағы оқу орнының жетістіктерімен танысты.
Көрмені ұйымдастыруға директордың оқу — өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Алексеева Мария Отаровна, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Макишев Алмат Казакбайұлы, арнайы пәндер оқытушылары: Воробьев Геннадий Михайлович, Айтмағамбетов Темірлан Темірболатұлы, Бисенова Гүлжан Қадіржанқызы ерекше үлес қосты.
Жұмысшы мамандықтар фестиваліне қатысу, жұмысшы мамандықтар экономика үшін маңызды болып, жастар үшін нақты перспективалар ашатынын тағы да көрсетеді.