Submitted by Editor on
Өндірістік оқыту шеберлері мен техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының арнайы пәндер оқытушылары арасында Халықаралық байқау аяқталды.
«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша Халықаралық конкурстың бағдарламасы үш кезеңнен тұрды:
1 кезең — визит карточкасы;
2 кезең — теориялық бөлім;
3 кезең — практикалық бөлім.
Байқауға қатысушылар «KIA» жеңіл автокөлігіне компьютерлік диагностика жүргізді, FSA 740 диагностикалық кешенінің көмегімен бар ақауларды анықтады, оларды жойды. Ақаулықтарды жойғаннан кейін қате кодтарын өшіріп, көліктің жұмысын көрсету қажет болды.
Гуманитарлық-техникалық колледж оқытушылар тобы жарыстың барлық кезеңдерінде тапсырмаларды сәтті орындады.
Халықаралық конкурсқа қатысу қорытындысы бойынша біздің колледждің автомобиль пәндерінің оқытушылары жоғары дәрежелі кәсіпқойлар ретінде атап өтілді: Бақтияр Нұржанұлы Иманов 2 дәрежелі дипломмен марапатталды, Серік Сағантайұлы Исенов Сертификат алды.