You are here

Кадр бөлімінің бастығы, заңгер: Щербакова Светлана Леонидовна

 
Щербакова Светлана Леонидовна

Щербакова Светлана Леонидовна 30.11.1961 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында дүниеге келген.

1979 жылы Петропавл қаласындағы № 11 мектепті бітіріп, кейін С. М. Киров атындағы зауытқа жұмысқа орналасты.1981 жылы ішкі істер органдарына жұмысқа қабылданды, Алматы милиция мектебін бітірді. Ішкі істер органдарында жұмыс істеген кезеңінде «КСРО ІІМ Милиция үздігі» белгісімен және "10 жыл мінсіз қызмет" медалімен марапатталған.

1997 жылы Мәскеу қаласына тұрақты тұруға көшіп келіп, қазіргі гуманитарлық институтқа түсіп, 2000 жылы Құқықтану мамандығы бойынша бітіріп, кейін Қазақстан Республикасына оралды.

2000 жылы гуманитарлық-техникалық колледжге заңгер лауазымына қабылданды. 2006 жылдан бастап директордың заң және кадр мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін гуманитарлық-техникалық колледж кадрлар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарамын.

Арнайы пәндер оқытушысының жоғары санаты бар, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің және Петропавл қаласы әкімінің алғыстарымен, Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының грамоталарымен марапатталған және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

 

Kazakh

БІЗДІҢ МАМАНДЫҚТАР ЖӘНЕ ЖІКТЕУ

стипендия төлеумен бюджеттік негізде (тегін)

  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері (Ақпараттық қауіпсіздік технигі)
  • Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану (Кең бейінді шебер құрылысшы)
  • Мемлекеттік тілдегі Есеп және аудит (Бухгалтер, Бухгалтер-кассир)
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникация (Техник-радиотехник, Телекоммуникациялық жабдықтар мен байланыс арналарын электрмонтажшы-реттеуші)
  • Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (Техник-механик, Автомобиль электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик)
  • Маркетинг (маркетолог)
  • Туризм (туристік агент)

Барлық мамандықтар