Submitted by Editor on
Шереметьева Галина Владимировна-жоғары біліктілік санатындағы оқытушы, әдіскер.
Орта мектепті бітіргеннен кейін Петропавл педагогикалық институтына түсіп, 1984 жылы Тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі, тәрбие жұмысының әдіскері мамандығы бойынша бітірді.
2002 жылы Омбы мемлекеттік университетінде Заңтану мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.
Еңбек жолын Петропавл қаласының № 41 орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. Содан кейін экономикалық колледжде заң пәндерінің оқытушысы болып жұмыс істеді. 2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін гуманитарлық-техникалық колледждің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушысы.
Марапаттары бар:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Құрмет грамотасы, 2016 жыл;
«Нұр Отан» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы бірінші орынбасарының Алғыс хаты, 2018 жыл;
Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының Құрмет грамотасы, 2018 жыл;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасы, желтоқсан 2019 жыл.