Submitted by Editor on
2022 жылғы 29 қыркүйекте гуманитарлық-техникалық колледжде «қоғамдық аренадағы дін, діни негіздегі кемсітушіліктің алдын алу және жолын кесу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің баяндамашылары: протоиерей Первушин С. В. — Петропавл және Булаев Епархиясы епархиялық басқармасының хатшысы, Уагазов А. М. — «Қызылжар» қалалық мешітінің ұстазы, Шамшутдинова Р. М. — СҚО УДР діни бірлестіктерімен үйлестіру және өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы. Бердағұлова С. С. — Петропавл қ. ішкі саясат қоғамдық ақпарат орталығының өкілі.
Пікірталас барысында рухани насихат пен діни экстремизмнің жолын кесу туралы айтылды.
Дөңгелек үстел өткізу студенттердің діни сауаттылығы мен құқықтық білім деңгейін арттыруға бағытталған.
Бүгінгі таңда саяси және діни деңгейде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мәселесі қоғамдастықтан мәдениеттердің алуан түрлілігіне деген түсіністік пен құрметті дамытуды, сондай-ақ төзбеушілік пен кемсітушіліктің кез-келген түріне қарсы тұруды абсолютті басымдықтардың қатарына қосуды талап етеді.
Қатысушылардың әрқайсысы осы бағыт бойынша баяндама дайындап, сөз сөйледі.Баяндамалар студенттердің үлкен назарымен сүйемелденді. Балалар қонақтардың баяндамаларын мұқият тыңдады. Студенттер осы іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіреді.