Submitted by Editor on
Спорт үшін адам бойындағы ең маңызды қасиеттердің бірі-мақсаттарға жетудегі табандылық және ерік-жігердің мызғымас күші. Біздің студенттер бұл қасиеттерді 14-20 қараша аралығында өткен баскетбол жарыстарында көрсетті.
Командалар құрамына мамандықтар бойынша 1-3 курс студенттері кірді. Финалдағы күрес қиын және қызықты болды. Жарыс қорытындысы: 1 орын-207 және 307 топтар, «АК жөндеу жөніндегі электрик» мамандығы, 2 орын — 104 және 204 топтар, «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы, 3 орын — 203 және 303 топтар, «Техник-механик» мамандығы.
Жарысқа қатысқандардың барлығын және, әрине, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз. Оқуда және спортта сәттілік тілеймін!