Submitted by Editor on
«WorldSkills Kazakhstan 2022» республикалық чемпионаты 7-9 желтоқсан аралығында Астана қаласының «EXPO» халықаралық көрме орталығының алаңында өтеді. Дәстүрлі кәсіби шеберлік жарыстарын білім вице-министрі Ғани Бейсембаев бастады.
WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты Қазақстан Республикасының дайындалған және талантты жастары үшін таңдалған құзыреттілік бойынша қол жеткізілген шеберлік деңгейін көрсетудің ресми танылған алаңы болып табылады. WorldSkills Kazakhstan жобасының талаптарына сәйкес келетін колледждің, ЖОО-ның әрбір студенті немесе жас маман еліміздің ең ауқымды «жұмысшы қолдар олимпиадасында» өз қабілеттерін көрсету мүмкіндігіне ие.
Чемпионаттың негізгі құндылықтары-шеберлік, жан-жақтылық, әділдік, инновация, адалдық, серіктестік және ашықтық.
«WorldSkills Kazakhstan 2022» Солтүстік Қазақстан облысын 17 құзыреттілік бойынша 17 қатысушы ұсынады, олардың ішінде гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Владимир Муравьев, 406-топ, «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығы. Облыс делегациясының құрамына біздің колледждің арнайы пәндер оқытушысы Гурьянова Ольга Алексеевна кірді.
Солтүстік Қазақстан облысының командасына үлкен және жақсы сәттілік тілейміз! Барлығы жоспарланғандай болсын, өз күшіңіз бен талантыңызға сеніңіз, алға қарай батыл жүріңіз. Чемпионат керемет жетістіктерге толы болсын!